34 мектептің жөндеу жұмыстары созылып кетті: Олжас Бектенов әкімдерге аяқтауды тапсырды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметінен
Үкімет отырысында Премьер-министр еліміздің мектептерінде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бірқатар өңірде 34 мектеп бойынша жұмыс қарқыны баяу екені айтылды. Бұлар – Алматы қаласы, Абай, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары.
«Аталған өңір әкімдері жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзімінде орындалуын тікелей бақылауына алсын. Сонымен қатар физика, химия, биология, робототехника сияқты арнаулы кабинеттерді дер кезінде сатып алу да өзекті мәселе. Қыркүйек айына дейін кемінде 200 пәндік кабинетті жабдықтау қажет», -деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 10:15
Астанада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары онлайн оқиды
9 желтоқсан, 2025
«Келешек мектебі»: елордадағы №116 жалпы орта білім беретін мектепте инклюзивті орта қалыптастырылған
9 желтоқсан, 2025
Отандық ғалымдар қант қызылшасы қалдықтарынан құнды материалдар әзірлеп шығарды
8 желтоқсан, 2025
«Болашақ» бағдарламасы бойынша атом энергетикасы мамандарын даярлауға грант бөлінеді
