Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлеме бойынша 2026 жылы қабылданатын шешімдер кестесін бекітті. Келесі жылы базалық мөлшерлеме бойынша 8 шешім қабылдау жоспарда тұр, оның 4-уі болжам раунды нәтижелеріне сай қабылданады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады және келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді», - делінген хабарламада.
2026 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер мына күндері жарияланады:
23 қаңтар
6 наурыз
24 сәуір
5 маусым
24 шілде
4 қыркүйек
23 қазан
4 желтоқсан