Елімізде ішкі әуе рейстері көбейе ме

|
Елімізде ішкі әуе рейстері көбейе ме
Фото: Фото: видеодан скриншот: Үкімет отырысы

Үкімет отырысы аясында өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтан 2026 жылдан бастап ішкі әуе рейстерін кеңейту туралы жоспарын сұрады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Министрдің айтуынша, өңірлер мұндай ұсыныспен шықса, ол әрқашан қолдауға дайын. Мәселе қаржыға келіп тіреледі.

«Бізде 800-ден астам ішкі рейс маршруттары бар. Шамамен 821 маршрут бар. Көлік министрлігі өңірлердің Астанамен және Алматымен байланысын қамтамасыз етуіміз керек. Біз мұны жасап отырмыз. Мәселен, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облысы әкімдері өзара рейс қойғылары келіп отыр. Бұған 400 миллион теңге қаржы тарту керек. Кез келген екі облыстың арасында рейс ашу 300-400 миллион теңге. Бұл ақшаны не республикалық бюджет береді немесе жергілікті бюджеттен алынады. Бізде халықаралық және ішкі рейс барлығына 6 миллиард теңге қарастырылған. Жалпы алғанда, менің жеке көзқарасым, өңірлер арасындағы әуе байланысын жақсырақ болғаны дұрыс деп есептеймін», - деді Сауранбаев.  

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗