Астаналық өрт сөндірушілер «Нұра» ауданындағы Бектұров көшесінде орналасқан он екі қабатты тұрғын үйдегі өртті сөндірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оқпандар енгізілді, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.
«Астана қаласында «Нұра» ауданы, Бектұров көшесінде орналасқан он екі қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде 10 шаршы метр аумақта жиһаз бен тұрмыстық заттар өртенді.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ», - делінген хабарламада.
ТЖМ күштері өртті толық сөндірді.
Бұған дейін елордада үш қабатты ғимарат өртенген болатын.