Кентауда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің денесі табылды

|
Кентауда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің денесі табылды
Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Кентауда жаңа туған сәбидің денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция нәрестенің анасын іздестіріп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта сәбидің анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

«Полиция қызметкерлері аулааралық аумақтарды аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеп, сондай-ақ жақын орналасқан үйлердің тұрғындарымен және куәгерлермен сұхбат жүргізіп жатыр. Бұдан бөлек, медициналық мекемелер де кешенді түрде тексеріліп жатыр», - делінген полиция хабарламасында.

Барлық мән-жайларды анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда. Тергеу нәтижелері бойынша заңға сәйкес тиісті шешім қабылданатын болады.

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Еске салайық, бұдан бұрын Алматыда бүлдіршіндерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталғанын хабарлаған болатынбыз. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗