Ақтауда алғаш рет TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді

24 қыркүйек, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views113
Ақтауда алғаш рет TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді
Фото: Оңалхан Өнерхан

4-10 қазан аралығында түркі әлемінің мәдени астанасы Ақтау қаласында түркітілдес елдер арасындағы тұңғыш TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған чемпионатқа 16 мен 22 жас аралығындағы 100-ден астам жас маман мен 80-ге жуық жоғары білікті сарапшы қатысады деп күтілуде.

Қатысушы елдер қатарында: Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Мажарстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Моңғолия бар.