Африка құрлығының үздік футболшысы анықталды

20 қараша, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views6
Африка құрлығының үздік футболшысы анықталды
AFP

«ПСЖ» мен Марокко құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакими Африканың үздік футболшысы атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Марапат табыстау рәсімі Марокконың Рабат қаласында өтті. Дауыс беру нәтижесінде Хакими «Ливерпуль» және Египет құрамасының шабуылшысы Мохаммед Салахтан, сондай-ақ Нигерия мен «Галатасарай» шабуылшысы Виктор Осимхеннен басым түсті.

Өткен маусымда Хакими «ПСЖ» сапында Чемпиондар лигасын, сондай-ақ Франция чемпионатын, кубогын және Суперкубогын жеңіп алды. Марокколық ойыншы 2024/25 маусымында 55 матч өткізіп, 11 гол соғып, 16 нәтижелі пас берген.