Алматы әуежайында ірі көлемде есірткі контрабандасының жолы кесілді

27 қараша, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views9
Алматы әуежайында ірі көлемде есірткі контрабандасының жолы кесілді
Freepik.com

Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Әуежай арқылы шетелдік азамат ірі көлемде тыйым салынған заттарды жеке заттарының ішіне жасырып әкелуге әрекет жасаған, алайда кеден және құқық қорғау органдарының жедел іс-шараларының арқасында қылмыстық схема дер кезінде анықталды.

Сот процесінде мемлекеттік айыптаушы толық дәлелдер жинағын ұсынып, күдіктінің кінәсін толықтай дәлелдеді.

Сот оны 15 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.