Алматыда балалар үйінің асханасы өртенді

9 қараша, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views17
Алматыда балалар үйінің асханасы өртенді
ТЖМ

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Наурызбай ауданындағы балалар үйінің асханасынан өрт шыққан сәтте ғимарат ішінде адамдар болмаған. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Өртке қарсы қызметі жоғары ранг бойынша жұмыс жасауда. Әкімшіліктің айтуынша, ғимаратта адамдар жоқ-тәрбиеленушілер уақтылы эвакуацияланып, қауіпсіз қашықтыққа шығарылды.

«Асхана және оған жапсарлас салынған үш қабатты ғимарат шатыры жанған.  Жедел штаб құрылды, жағдайға тұрақты бақылау жүргізілуде. Сондай-ақ, өрт орнына қаланың барлық шұғыл қызметтері келді. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда», - деп жазылған хабарламада.