Алматыда жол ережесін бұзған жаяу жүргіншілер анықталды
Фото: Оңалхан Өнерхан
Алматыда жол қозғалысына қатысушылардың құқық бұзушылықтарының алдын алу, жол-көлік оқиғаларын азайту және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында «Жаяу жүргінші» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Соңғы уақытта жолдарда жаяу жүргіншілердің өліміне әкеп соқтыратын жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Көбінесе жолдарда жол-көлік оқиғалары рұқсат етілмеген жерден өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілердің өздерінің кінәсінен болады», - деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Арман Усаев.
Рейдтің алғашқы сағатында жаяу жүргіншілер жасаған 15-тен астам құқық бұзушылық анықталды.
Ұқсас жаңалықтар
10 желтоқсан, 2025
Павлодарлық кәсіпкерді өлтірген күдікті Ресейден экстрадицияланды
9 желтоқсан, 2025
Шығыс Қазақстан облысында қысқы туристік маусым ашылды
9 желтоқсан, 2025
Авторлық құқықты бұзғандар 6 жылға дейін қамалуы мүмкін
9 желтоқсан, 2025
Аудандағы барлық қоқыс полигондары талапқа сай болмай шықты
