Ақмола облысында ТЖМ қызметкерлері жол апатынан зардап шеккендерді құтқарды

8 желтоқсан, 2025
Дәукен Тұрдашев Дәукен Тұрдашев
views9
Ақмола облысында ТЖМ қызметкерлері жол апатынан зардап шеккендерді құтқарды
ТЖМ

Ақмола облысы Бурабай ауданы Ақылбай ауылының маңында екі жеңіл көлік соқтығысып, жол апаты салдарынан екі жасөспірім мен майысқан көлік құралында қысылып қалған жүргізуші әйел зардап шекті, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен қатты зақымданған жүргізуші есігін ашып, зардап шеккен әйелді шығарып алды. Үшеуі де жедел медициналық жәрдем бригадасына табысталды.

Бұған дейін Ақмола облысында жолаушылар автобусы жан түршігерлік жол апатына ұшыраған болатын.