Ақтауда бомба туралы жалған хабарлама таратқан күдікті ұсталды

24 қараша, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views9
Ақтауда бомба туралы жалған хабарлама таратқан күдікті ұсталды
Оңалхан Өнерхан

Ақтауда бомба туралы жалған хабарлама таратқан күдікті ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер «жарылғыш зат қойылды» деген жалған ақпарат таратқан күдікті ұсталды. Telegram  мессенджеріндегі «1414» арнасына Ақтау қаласындағы сауда-ойын-сауық орталығында жарылғыш зат бар екені туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама таратуға қатысы бар жасөспірім ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Полиция  терроризм актісі туралы жалған хабарлау — ауыр қылмыс, және ол үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескеретеді. Тұрғындарды расталмаған және жалған ақпарат таратпауға, қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін әрекеттерден сақ болуға шақырады.