Астанаға жылу қашан беріледі
Фото: Freepik.com
Астана қаласы әкімдігі қалаға жылу қашан берілетінін мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы №249/36-V шешімімен бекітілген қаладағы жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес, елордада жылыту маусымы сырттағы тәуліктік орташа ауа температурасы +10 °С және одан төмен деңгейде қатарынан бес тәулік сақталған жағдайда басталады», - деп жазылған хабарламада.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Астанада ауа райы жылы болады.20 қыркүйек күні ауа температурасы +19+21 градус, ал 21 қыркүйек күні +20+22 градус.
Ұқсас жаңалықтар
10 желтоқсан, 2025
Астана әуежайында автоматты гейттер іске қосылды: шекарадан өту 20 секундты алады (ВИДЕО)
10 желтоқсан, 2025
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады
9 желтоқсан, 2025
Астанада ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
9 желтоқсан, 2025
Астанада «Адал білім – адал ұрпақ» атты республикалық форум өтті
