Астанада Алаш тасжолының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтынан
Астанада Алаш тасжолының 69 көшесінен 191 көшесіне дейінгі аралығына жол жабынының жоғары қабатын салу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Осыған байланысты 13-15 маусым аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады«», – делінген әкімдіктің хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
10 желтоқсан, 2025
Астана әуежайында автоматты гейттер іске қосылды: шекарадан өту 20 секундты алады (ВИДЕО)
10 желтоқсан, 2025
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады
9 желтоқсан, 2025
Астанада ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
9 желтоқсан, 2025
Астанада «Адал білім – адал ұрпақ» атты республикалық форум өтті
