Астанада бадминтоннан халықаралық турнир өтеді

6 қараша, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views11
Астанада бадминтоннан халықаралық турнир өтеді
olympic.kz

Желтоқсан айында Астанада бадминтоннан халықаралық турнир өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Astana International Challenge 2025 жарысына әлемнің көптеген үздік спортшылары қатысады.

Аталған турнирде Қазақстан құрамасының өкілдері де бақ сынайды.

Айта кетейік, жарыс 17-21 желтоқсан аралығында Beeline Arena спорт кешенінде өтеді.