Астанада бос орындар жәрмеңкесінде екі мың жұмыс орны ұсынылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі
Елордадағы «Abu Dhabi Plaza» сауда-ойын-сауық орталығында Есіл ауданы әкімдігі мен Еңбек мобильділігі орталығының ұйымдастыруымен Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ауқымды бос орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Іс-шараға түрлі саладағы 50 компания мен ұйым қатысып, шамамен 2000 бос жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңке көптеген жұмыс іздеушілерге әлеуетті жұмыс берушілермен тікелей тілдесіп, қызықтырған сұрақтарын қоюға және алғашқы әңгімелесуден өтуге мүмкіндік берді.
Мұндай кездесулер жұмыспен қамту деңгейін арттыруға, сондай-ақ аудан көлемінде жаңа жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ашуға ықпал етеді.
Ұқсас жаңалықтар
10 желтоқсан, 2025
Астана әуежайында автоматты гейттер іске қосылды: шекарадан өту 20 секундты алады (ВИДЕО)
10 желтоқсан, 2025
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады
9 желтоқсан, 2025
Астанада ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
9 желтоқсан, 2025
Астанада «Адал білім – адал ұрпақ» атты республикалық форум өтті
