Астанада элиталық фитнес-залға жалған абонемент сатқан алаяқ ұсталды
Фото: Polisia.kz
Елордада танымал фитнес-клубқа абонемент сатқан деген күдікпен 30 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция таратқан мәліметке сүйенсек, күдікті әлеуметтік желілерде және мессенджер топтарында хабарландырулар жіберіп, VIP билеттерді төмен бағамен сатып алуды ұсынған. Төлемді алғаннан кейін ол сатып алушыларға жалған электронды билеттер жіберген.
«Астаналық 43 жастағы келіншек алаяқтық құрбаны болған. Ол элиталық спорт залға кіру үшін ер адамға 1 миллион теңге аударған. Бүгінгі таңда оның шамамен 20 ұқсас эпизодқа қатысы бар екені анықталды», - деп жазды Polisia.kz.
Ұқсас жаңалықтар
10 желтоқсан, 2025
Павлодарлық кәсіпкерді өлтірген күдікті Ресейден экстрадицияланды
9 желтоқсан, 2025
Шығыс Қазақстан облысында қысқы туристік маусым ашылды
9 желтоқсан, 2025
Авторлық құқықты бұзғандар 6 жылға дейін қамалуы мүмкін
9 желтоқсан, 2025
Аудандағы барлық қоқыс полигондары талапқа сай болмай шықты
