Астанада гимнастикадан қалалық ашық чемпионат өтіп жатыр

|
Астанада гимнастикадан қалалық ашық чемпионат өтіп жатыр
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана қаласындағы «Думан» спорт кешенінде батуттық гимнастикадан қалалық ашық чемпионат өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz  елорда әкімдігінің ресми сайтына  сілтеме жасап.

Іс-шара барысында Астана қаласы әкімдігінің №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің орынбасары Жұбаныш Батыханұлы сөз сөйлеп, жас спортшыларға әділ бәсеке, сенімділік пен жарқын өнер көрсетуін тіледі. Чемпионатқа шамамен 70-ке жуық жас гимнаст қатысып жатыр

Чемпионаттың мақсаты – елордада спорттық гимнастиканы дамыту және жас спортшылардың шеберлік деңгейін арттыру. Жарыс ертең мәресіне жетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗