Астанада «Күй» спектаклінің премьерасы өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Қалибек Қуанышбаев Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың «Күй» повесі негізінде сахналанған драмалық қойылымның премьерасын ұсынды, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көрнекті қаламгердің терең философиялық туындысы театр сахнасында ерекше интерпретациямен көрерменге жол тартты.
Қойылым театрдың халық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен өтті.
Туындыда басты кейіпкер Жөнейіт ыза-кекпен арпалысып, жан азабын тартады. Билік пен ар арасындағы тартыс та сахнада шебер суреттеледі.
Қойылым көрерменге терең ой салып, ұлттық өнердің құдіретін сезіндіріп, ерекше әсер сыйлады.
Ұқсас жаңалықтар
10 желтоқсан, 2025
Астана әуежайында автоматты гейттер іске қосылды: шекарадан өту 20 секундты алады (ВИДЕО)
10 желтоқсан, 2025
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады
9 желтоқсан, 2025
Астанада ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
9 желтоқсан, 2025
Астанада «Адал білім – адал ұрпақ» атты республикалық форум өтті
