Астанада Кенесары көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ә.Сембинов көшесінен Е.Брусиловский көшесіне дейінгі учаскеде Кенесары көшесіне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осыған байланысты, 5-11 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша екі бағытта да ұйымдастырылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, - делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар
10 желтоқсан, 2025
Астана әуежайында автоматты гейттер іске қосылды: шекарадан өту 20 секундты алады (ВИДЕО)
10 желтоқсан, 2025
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады
9 желтоқсан, 2025
Астанада ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
9 желтоқсан, 2025
Астанада «Адал білім – адал ұрпақ» атты республикалық форум өтті
