Астанада ҚТҚ өңдеу зауытының құрылысы 2026 жылы басталады

25 қараша, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views9
Астанада ҚТҚ өңдеу зауытының құрылысы 2026 жылы басталады
primeminister.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мемлекет басшысының елордада қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытын салу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде Астана әкімдігі қытайлық Shenzhen Energy Environment компаниясымен инвестициялық келісімге қол қойды. Жоба қалдықты кәдеге жарату бойынша жоғары технологиялық кешен құруды көздейді.

«Жаңа зауыт тәулігіне 1,5 мың тонна қалдықтарды кәдеге жаратуға және 50 МВт электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Құрылыс-монтаж жұмыстары келесі жылдың бірінші тоқсанында басталады, жобаны жүзеге асыру мерзімі – 36 ай», - деді әкім.

Бұған дейін Үкіметте қалдықтарды басқару тұжырымдамасы қабылданған болатын.