Астанада салықтан жалтарған жеке сот орындаушыларынан 40 млн теңгеге жуық ақша өндірілді

4 желтоқсан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views13
Астанада салықтан жалтарған жеке сот орындаушыларынан 40 млн теңгеге жуық ақша өндірілді
Оңалхан Өнерхан

Астана қаласы «Нұра» ауданының прокуратурасы жеке сот орындаушылардың салық төлеу мәселесі бойынша талдау жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«30 жеке сот орындаушы жеке табыс салығын кем көрсеткендігі, ал 26-сы мүлдем төлемегендігі анықталды.

Қадағалау актісімен мемлекет пайдасына 40 млн теңгеге жуық ақша өндірілді», - делінген Астана қаласының прокуратурасының хабарламасында.

Бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр.

Бұған дейін соттың 9 млн теңгеден астам берешегі бар әйелдің мәселесін шешуге көмектескенін жазған болатынбыз.