Астанада сарапшылар жасанды интеллектіні салаларға енгізу мәселесін талқылады
Фото: Астана қаласы әкімдігі
Елордада мемлекеттік органдардың, білім беру және технологиялық мекемелердің өкілдері қатысқан сараптамалық сессия өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Онда жасанды интеллектіні (AI) дамыту, цифрландыру, инвестициялар тарту және Smart City тұжырымдамасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Сессияға қатысушылардың қатарында Астана әкімдігі жанындағы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің мүшелері де болды.
Жиынды ашқан Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов қатысушыларды құттықтап, елордадағы цифрлық трансформацияның кешенді сипатын ерекше атап өтті.
«Бүгінде біз үшін жекелеген цифрлық шешімдерді енгізу ғана емес, қаланың бірыңғай, қауіпсіз және басқарылатын архитектурасын құру маңызды. Жасанды интеллект осы экожүйенің қосымшасы емес, өзегіне айналуы тиіс. Ол елорданың тиімді әрі тұрақты дамуын қамтамасыз етуі керек», – деді Евгений Глотов.
Сессия модераторы – Астана қаласы Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Берік Ахметов.
Оның айтуынша, мұндай кездесулер мемлекет, бизнес және сарапшылар арасындағы жүйелі диалог орнатуға, сондай-ақ елордада AI бастамаларын енгізу бойынша ортақ ұстаным қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында қалалық AI-экожүйені дамыту бағыттары кеңінен қаралды.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары Лазизбек Құрбантаев ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, қазіргі таңда деректерді берудің ұлттық гиперм магистралі салынып жатыр және ел бойынша деректерді өңдеу орталықтарының желісі дамуда. Бұл жүйе жалпы киберқауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әділ Құсманов білім беру мен адами капиталды дамыту саласындағы бастамаларды таныстырды. Оның ішінде мұғалімдерге арналған жасанды интеллект бойынша тағылымдамалар ұйымдастыру және мектептегі AI жобаларын қолдау бастамалары бар.
«AI Human Capital жұмыс тобы аясында біз екі бастама ұсындық. Біріншісі – мектеп мұғалімдерін жасанды интеллект негіздеріне оқыту. Бұл педагогтарға өз сабақтарында AI элементтерін қолдануға мүмкіндік береді. Биылдың өзінде бірінші топты Ұлыбританияға «Болашақ» бағдарламасы арқылы тағылымдамаға жіберуді жоспарлап отырмыз.Екіншісі – мектептермен кураторлық жұмыс. Кеңес құрамында жеке мектептері бар, цифрлық білім беруде табысты тәжірибесі бар мүшелеріміз бар. Сол тәжірибені астаналық мемлекеттік мектептерге енгізіп, мұғалімдер мен оқушылардың цифрлық сауаттылығын, soft skills және бизнес дағдыларын дамытуға ниеттіміз. Бұл – жасанды интеллектіні өмірде және білімде тиімді қолдана алатын жаңа буынды қалыптастырудағы маңызды қадам», – деді Әділ Құсманов.
Сондай-ақ ол алғаш рет Астанада арнайы AI-кеңес құрылғанын атап өтіп, елорданың жасанды интеллект пен цифрлық инновацияларды дамытудағы көшбасшы болуға тиіс екенін айтты.
Қазақстандағы Жасанды интеллектіні дамыту қауымдастығы төрағасының орынбасары Анар Төлеубаева Qaz.AI қауымдастығының жұмысы жайлы айтты. Бұл ұйым жасанды интеллект саласындағы мамандарды, кәсіпкерлерді және зерттеушілерді біріктіреді.
Қауымдастық технологияларды этикалық тұрғыда қолдану стандарттарын дамытып, стартаптарды қолдайды және мемлекеттік, жеке және ғылыми сектор арасындағы әріптестікті нығайтады.
Astana Hub басқарушы директоры Жамбыл Махметов AI-инициативаларды дамыту тәжірибесімен бөлісті. Ол акселерациялық және білім беру жобалары – TUMO School, Tech Orda және Орталық Азиядағы алғашқы жасанды интеллект мектебі 01 EDU Tomorrow School бағдарламалары туралы айтты.
Сессияға студенттер, стартап өкілдері және Astana Hub резиденттері де қатысты.
«Осындай ауқымды жобаның бір бөлігі болғаныма қуанып отырмын. Бұл тек жасанды интеллектіні зерттеу емес, оның ел мен әлемге тигізетін әсерін терең түсіну.Мұндай кездесулер үлкен шабыт береді, ортақ іске өз үлесіңнің бар екенін сезіндіреді», – деді қатысушы Динара Майрамбаева.
Сессия қорытындысында қатысушылар жасанды интеллектіні дамыту, цифрлық инфрақұрылымды нығайту және болашақ экономикасына кадрлар даярлау салаларында күш-жігерді біріктірудің маңызын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
10 желтоқсан, 2025
Астана әуежайында автоматты гейттер іске қосылды: шекарадан өту 20 секундты алады (ВИДЕО)
10 желтоқсан, 2025
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады
9 желтоқсан, 2025
Астанада ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
9 желтоқсан, 2025
Астанада «Адал білім – адал ұрпақ» атты республикалық форум өтті
10 желтоқсан, 2025
Астана әуежайында автоматты гейттер іске қосылды: шекарадан өту 20 секундты алады (ВИДЕО)
10 желтоқсан, 2025
Мемлекеттік органдар Жоғары аудиторлық палата ұсынымдарын орындау бойынша тоқсан сайын есеп беретін болады
10 желтоқсан, 2025
Астана қаласының «Нұра» ауданы тұрғындардың сенімін арттыруға басымдық беріп отыр
10 желтоқсан, 2025
Отандық кәсіпорындардан 2,3 трлн теңгеге өнім сатып алуға кепілдік беретін офтейк-келісімшарттар жасалды
10 желтоқсан, 2025
WorldSkills Kazakhstan 2025: Астанада үздік студенттер мен жас мамандар марапатталды
10 желтоқсан, 2025
Жарнама түсіру үшін жолды жапқан дәмхана қызметкерлері жазаланды
10 желтоқсан, 2025
Астанада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары онлайн оқиды
10 желтоқсан, 2025
Кентауда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің денесі табылды
10 желтоқсан, 2025
Павлодарлық кәсіпкерді өлтірген күдікті Ресейден экстрадицияланды
10 желтоқсан, 2025
Шахматшы Меруерт Камалиденова Испаниядағы ірі турнирдің күміс жүлдегері атанды
10 желтоқсан, 2025
Қазақстанда өнеркәсіп саласында 30 мыңнан астам жұмыс орны ашылады
10 желтоқсан, 2025
Ұлттық Банк 2026 жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша шешім кестесін бекітті
10 желтоқсан, 2025
10 желтоқсанға арналған валюта бағамы
10 желтоқсан, 2025
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады
9 желтоқсан, 2025
Шығыс Қазақстан облысында қысқы туристік маусым ашылды
9 желтоқсан, 2025
Акмальдің концертін көрмей қалғандарға 6 млн теңге қайтарылуы тиіс
9 желтоқсан, 2025
Астанада ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
9 желтоқсан, 2025
Қызанақтың 12 түрін өсіретін жылыжай іске қосылды
9 желтоқсан, 2025
Жемқорлықтың алдын алуда тәлімгерлік институтының маңызы ерекше - агенттік
9 желтоқсан, 2025
Авторлық құқықты бұзғандар 6 жылға дейін қамалуы мүмкін
9 желтоқсан, 2025
Салмағы 25 тоннадан асатын көлікті пайдалануға тыйым салына ма
9 желтоқсан, 2025
Астанада көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрт сөндірілді
9 желтоқсан, 2025
Қазақстанда 175 жаңа жолаушылар вагоны сатып алынды
9 желтоқсан, 2025
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: жергілікті жолдардың нормативтік жағдайы 91%-ға жетті
9 желтоқсан, 2025
Несіп Жүнісбайұлы: Жеребе тасталды – сәуегейлік басталды
9 желтоқсан, 2025
Димаш Құдайберген БҰҰ-ның көші-қон ісінің дүниежүзілік Ізгілік Елшісі болып тағайындалды
9 желтоқсан, 2025
Елімізде ішкі әуе рейстері көбейе ме
9 желтоқсан, 2025
Аудандағы барлық қоқыс полигондары талапқа сай болмай шықты
9 желтоқсан, 2025
Астанада «Адал білім – адал ұрпақ» атты республикалық форум өтті
9 желтоқсан, 2025
Үкімет тағы 5 шекаралық өткізу пунктін жаңғыртты
9 желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Ресей елшісін қабылдады
9 желтоқсан, 2025
2029 жылға дейін Қазақстанда 11 мың шақырым теміржол желісін жөндеу жоспарланып отыр – көлік министрі
9 желтоқсан, 2025
Астанада кикбоксингтен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтіп жатыр
9 желтоқсан, 2025
«Бір ауыл - бір өнім» жобасының тиімділігін қалай арттыруға болады
9 желтоқсан, 2025
«Келешек мектебі»: елордадағы №116 жалпы орта білім беретін мектепте инклюзивті орта қалыптастырылған
9 желтоқсан, 2025
АҚШ-Қазақстан әуе рейсі ұйымдастырылады
9 желтоқсан, 2025
Отандық ғалымдар қант қызылшасы қалдықтарынан құнды материалдар әзірлеп шығарды
9 желтоқсан, 2025
Елімізде автокөлік өндірісі артты
9 желтоқсан, 2025
«Әлеуметтік әмиян» арқылы дәрі-дәрмектерге 13 миллионнан астам рецепт жазылды
9 желтоқсан, 2025
Шетелден пошта арқылы есірткі әкелген 4 адам сотталды
9 желтоқсан, 2025
«Құндылық. Тұлға. Болашақ»: Астанада халықаралық педагогикалық форум өтті
9 желтоқсан, 2025
ҚҚС төлеу кейінге қалдырылатын импорттық тауарлар тізбесі белгілі болды
9 желтоқсан, 2025
Астанада ауыл оқушыларының республикалық олимпиадасы өтіп жатыр
9 желтоқсан, 2025
Ұлттық қордың валюталық активтері 4,8 млрд долларға өсті
9 желтоқсан, 2025
Астанада үш мыңнан астам жұмысшы қар күреуге шықты
9 желтоқсан, 2025
Президент тапсырмасы: ҚТЖ 4 мың шақырымнан астам теміржолды жөндеді
9 желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы үш жаңа елшіні тағайындады
9 желтоқсан, 2025
IT meetup-та елорданың цифрлық экожүйесін одан әрі дамыту талқыланды
9 желтоқсан, 2025
Жантүршігерлік жол апаты болған Ақтөбе-Ұлғайсын тасжолы қашан жөнделеді
9 желтоқсан, 2025
Пилотсыз автокөліктерді енгізу үшін отандық жолдардың цифрлық төлқұжаттары жасалады
10 желтоқсан, 2025
Астана әуежайында автоматты гейттер іске қосылды: шекарадан өту 20 секундты алады (ВИДЕО)
10 желтоқсан, 2025
Мемлекеттік органдар Жоғары аудиторлық палата ұсынымдарын орындау бойынша тоқсан сайын есеп беретін болады
10 желтоқсан, 2025
Астана қаласының «Нұра» ауданы тұрғындардың сенімін арттыруға басымдық беріп отыр
10 желтоқсан, 2025
Отандық кәсіпорындардан 2,3 трлн теңгеге өнім сатып алуға кепілдік беретін офтейк-келісімшарттар жасалды
10 желтоқсан, 2025
WorldSkills Kazakhstan 2025: Астанада үздік студенттер мен жас мамандар марапатталды
10 желтоқсан, 2025
Жарнама түсіру үшін жолды жапқан дәмхана қызметкерлері жазаланды
10 желтоқсан, 2025
Астанада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары онлайн оқиды
10 желтоқсан, 2025
Кентауда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің денесі табылды
10 желтоқсан, 2025
Павлодарлық кәсіпкерді өлтірген күдікті Ресейден экстрадицияланды
10 желтоқсан, 2025
Шахматшы Меруерт Камалиденова Испаниядағы ірі турнирдің күміс жүлдегері атанды
