Астанада тағы бір көше уақытша жабылады

24 қыркүйек, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views117
Астанада тағы бір көше уақытша жабылады
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы ЕК-23 көшесінің Төле би көшесінен Хан Шатырға дейінгі аралығында жол төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмысын жүргізеді. Осыған байланысты 26-28 қыркүйек аралығында аталған учаскелерде қозғалыс толығымен жабылады», - деп жазылған хабарламада.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін жүру бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Фото: Астана қаласы әкімдігі