Елордада жылыту маусымы басталды

28 қыркүйек, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views100
Елордада жылыту маусымы басталды
Фото: Freepik.com

Қаладағы сыртқы ауаның төмендеуіне байланысты елордада тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды орталық жылу жүйесіне қосу жұмыстары басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік нысандар — мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер — өтінімдеріне сәйкес жылумен қамтамасыз етілген болатын.

Қаладағы барлық нысандарды қосу алдағы күндері кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.