Астаналық боксшы Азиада чемпионы атанды

30 қазан, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views94
Астаналық боксшы Азиада чемпионы атанды
Фото: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.

Қазақстан құрамасы бокстан Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында тағы бір медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл жолы 54 келіге дейінгі салмақта елордалық Досжан Жұмақан финалда жеңіске жетті. Жерлесіміз алтын медаль үшін өткен жекпе-жекте ирандық Матин Чамипадан басым түсті.

Осылайша ұлттық құрама қоржынына екінші алтын медальді салды. Бұған дейін Жұмағали Нұрмахан (50 келіге дейін) алтыннан алқа таққан еді.