Астаналық Жәмилә Бақбергенова төрт дүркін Азия чемпионы атанды
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
Әйелдер күресінен Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Жәмилә Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Қазақстандық балуан финалдық бәсекеде Қытай спортшысы Юци Люден 4:1 есебімен басым түсті. Осылайша ол Азия чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы атанды.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы бұл чемпионатты екі жүлдемен аяқтады. Бұған дейін Зейнеп Баянова қола медаль иеленген болатын.
Еркін күрестен жарыстар 29 наурызда басталады.
Ұқсас жаңалықтар
10 желтоқсан, 2025
Шахматшы Меруерт Камалиденова Испаниядағы ірі турнирдің күміс жүлдегері атанды
9 желтоқсан, 2025
Несіп Жүнісбайұлы: Жеребе тасталды – сәуегейлік басталды
9 желтоқсан, 2025
Астанада кикбоксингтен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтіп жатыр
9 желтоқсан, 2025
«Қайрат» – «Олимпиакос»: Астанада өтетін матчқа арнайы автобустар қатынайды
