Қасым-Жомарт Тоқаев FIFA президентін қабылдады

23 қыркүйек, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views120
Қасым-Жомарт Тоқаев FIFA президентін қабылдады
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Халықаралық футбол федерациясының президенті (FIFA) Джанни Инфантиномен кездесу өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мемлекет басшысы балалар футболын дамыту мен заманауи инфрақұрылым құруға бағытталған FIFA Arena бағдарламасын жүзеге асырып жатқаны үшін Федерацияға ризашылық білдірді.

Президент Қазақстанның FIFA-мен ынтымақтаса отырып, аймақта футболды қарқынды дамытқан елге айналатынына сенім білдірді.

Джанни Инфантино Қасым-Жомарт Тоқаевқа футболға көңіл бөлгені үшін алғыс айтып, Федерацияның ұлттық футбол деңгейін көтеруге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін растады.

Айта кетейік, Қазақстан мен АҚШ жалпы сомасы 4,2 миллиард доллар болатын келісімге қол қойды.