Атырау-Алматы бағыты бойынша енді пойыз күн сайын қатынайды

17 қараша, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views10
Атырау-Алматы бағыты бойынша енді пойыз күн сайын қатынайды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

14 желтоқсаннан бастап №41/42 «Атырау – Алматы» жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі күнделікті режимге ауыстырылады, деп хабарлады Elordainfo.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шешім батыс және оңтүстік өңірлер арасындағы көлік қатынасын күшейтуге, сондай-ақ қысқы маусымда жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Пойыз құрамы жаңартылған купе және плацкарт типтегі 15-тен астам вагоннан тұрады. Бұл бағытпен бір рейсте шамамен 700 жолаушы тасымалданады.

Билеттер bilet.railways.kz ресми сайтында және барлық теміржол вокзалдарының билет кассаларында қолжетімді. Қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөміріне тегін қоңырау шалуға болады. Пойыздардың нақты келу және жөнелту уақыты туралы ақпаратты https://tablo-railways.kz/ru сайтындағы онлайн-табло арқылы қарауға мүмкіндік бар.