Ауа райына байланысты «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескерту жасады

2 қараша, 2025
Нұрдәулет Кәкіш Нұрдәулет Кәкіш
views77
Ауа райына байланысты «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескерту жасады
Фото: ҚазАвтоЖол

«ҚазАвтоЖол» ҰК акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысында болуы ықтимал тұманға байланысты жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Компанияның баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, Батыс Қазақстан облысында 2 қарашадан 3 қарашаға қараған түні және таңертең, сондай-ақ 3 қараша күні түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болуы ықтимал. Сонымен қатар Орал қаласында бүгін түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Осы ретте акционерлік қоғам жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтап, ауа райының қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауға шақырды.