Қазақстан мен Канада авиация саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Фото: Көлік министрлігінен
Көлік министрлігі ғимаратында Марат Қарабаев пен Канаданың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Кристофер Дагганның кездесуі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Келіссөз барысында авиация саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселесі талқыланды. Атап айтқанда, тараптар әуе қатынасын кеңейту, заманауи технологияларды енгізу және авиациялық тасымалдардың қауіпсіздік деңгейін арттыру мүмкіндіктерін қарастырды.
Сондай-ақ Қазақстанда шағын авиацияны дамыту үшін De Havilland ұшақтарын сатып алу перспективалары талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен бастамаларды одан әрі талқылап, келесі қадамдарды нақтылау үшін байланыста болуға келісті.
Ұқсас жаңалықтар
10 желтоқсан, 2025
Павлодарлық кәсіпкерді өлтірген күдікті Ресейден экстрадицияланды
9 желтоқсан, 2025
Шығыс Қазақстан облысында қысқы туристік маусым ашылды
9 желтоқсан, 2025
Авторлық құқықты бұзғандар 6 жылға дейін қамалуы мүмкін
9 желтоқсан, 2025
Аудандағы барлық қоқыс полигондары талапқа сай болмай шықты
