Қазақстан мен Пәкістан екіжақты ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф бір-бірін Ораза айт мейрамымен құттықтады.
Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективасы талқыланды.
Сонымен қатар экономикалық кооперацияның, әсіресе, көлік-логистика және инвестиция бағытындағы ықпалдастықтың әлеуетін барынша тиімді пайдалану маңызды екені атап өтілді.
Ұқсас жаңалықтар
9 желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Ресей елшісін қабылдады
8 желтоқсан, 2025
Президент алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды
8 желтоқсан, 2025
Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті ресми сапармен келеді
7 желтоқсан, 2025
Қазақстан – Франция: Астанада еуропалық деңгейдегі өңірлік авиациялық оқу орталығы ашылуы мүмкін
