Қазақстан мен Өзбекстан футзал құрамалары жолдастық матч өткізеді

8 қазан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views128
Қазақстан мен Өзбекстан футзал құрамалары жолдастық матч өткізеді
Фото: kff.kz

Өзбекстан футзал федерациясының баспасөз қызметі Ташкентте Қазақстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«2026 жылғы Азия кубогының финалдық кезеңіне жолдама алған Өзбекстан құрамасы 16 қазанда Ташкенттегі Юнусабад спорт кешенінде Қазақстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Бұл кездесу екі команда үшін де күш сынағы болады», - деп хабарлады Өзбекстан футзал федерациясы өзінің Telegram-каналында.

Айта кетейік, Өзбекстан мен Қазақстан құрамаларының жолдастық кездесуі сағат 17:00-де басталады.