Қазақстандық балуан Бекасыл Асамбек жасөспірімдер Азиадасында алтын медаль жеңіп алды

29 қазан, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views117
Қазақстандық балуан Бекасыл Асамбек жасөспірімдер Азиадасында алтын медаль жеңіп алды
Фото: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстандық балуан Бекасыл Асамбек еркін күрестен Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жерлесіміз 60 келіге дейінгі салмақтың финалында өнер көрсетті.

Бекасыл ақтық сында Солтүстік Корея елінің өкілі Хун Юмен күш сынасты. Нәтижесінде қазақ балуаны 4-1 есебімен жеңіске жетті.