Қазақстандық ШОБ ірі халықаралық жеткізушілерге тікелей қол жеткізе алады

5 тамыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views221
Қазақстандық ШОБ ірі халықаралық жеткізушілерге тікелей қол жеткізе алады
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев әзірленіп жатқан алаң рәсімдерді жеңілдету және жеткізушілермен тікелей арналар арқылы интеграциялау үшін цифрлық шешімдерді пайдаланатынын баяндады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстанда көтерме импортты ретке келтіруге және ШОБ-ты қолдауға бағытталған отандық B2B-платформасын іске қосу жоспарлануда.

«JD.com және Alibaba тобымен келіссөздер жүргізуді қоса алғанда цифрлық шешімдерді енгізу, рәсімдерді оңайлату және жеткізушілермен тікелей арналар арқылы интеграциялау жоспарлануда», - деді министр.

Жобаны толыққанды іске қосу үшін Қазақстан мен Қытай Үкіметтері арасындағы келісімге өзгерістер талқыланады, сондай-ақ тауарларды сертификаттау кезіндегі техникалық кедергілерге байланысты мәселелер шешіледі.