Қазақстандық теннисші Жапониядағы жарыстың ширек финалына өтті

22 қазан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views122
Қазақстандық теннисші Жапониядағы жарыстың ширек финалына өтті
Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Токиода (Жапония) өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлады Elordainfo.kz

Отандасымыз жұптық сында өнер көрсетуде.

Ширек финалға шығу үшін Анна Данилина мен Александра Крунич (Сербия) мексикалық Джулиана Олмос пен индонезиялық Алдила Сутджиаджи жұбымен кездесті.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матч Данилина мен Круничтің жеңісімен аяқталды – 6:1, 6:3.

Айта кетейік, Анна Данилина/Александра Крунич ширек финалда Николь Меликар (АҚШ) / Сюй Ифань (Қытай) жұбымен кездеседі.