Балаларға қаржылық сауаттылықты үйрететін мультфильм жарыққа шығады

5 желтоқсан, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views10
Балаларға қаржылық сауаттылықты үйрететін мультфильм жарыққа шығады
Фото: Freepik.com

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мұғалімдер мен оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру бағытындағы кешенді шаралар жалғасып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен Ұлттық Банкі бірлесіп, балаларға ақша басқарудың негізгі дағдыларын үйрететін анимациялық фильм дайындады.

«Қаржы әлемі» – орман қалашығында өмір сүретін мектеп оқушылары туралы 12 бөлімнен тұратын мультсериал. Әр серияда Барыс, Арқар, Құлан, Сілеусін, Тиін, Сұртышқан, Кірпі сияқты кейіпкерлердің күнделікті өмірде кездесетін қаржылық жағдаяттары көрсетіледі. Ақшаны дұрыс жұмсау, жинау, жоспарлау, еңбек ету қарапайым тілде түсіндіріледі. Сонымен қатар, алаяқтардан және қаржылық пирамидалардан сақтану дағдылары кейіпкерлердің тәжірибесі арқылы берілген.

Мультсериал қазақ, орыс тілдерінде әзірленді. Сценарийін қаржы және білім беру саласындағы сарапшылар бірлесіп жазды.

Бұған дейін елордалық оқушылар арасында Qarzhy saqshysy ойыны өтіп жатқанын жаздық.