Бүгін Астанадағы ботаникалық бақта спорттық жүгіруден кезекті Taldau Run өтті

22 қараша, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views11
Бүгін Астанадағы ботаникалық бақта спорттық жүгіруден кезекті Taldau Run өтті
Сенат

Бұл туралы Сенаттың ресми Telegram-парақшасында жазылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев атап өткендей, дене шынықтыруды, бұқаралық және инклюзивті спортты дамыту, осы бағытта қажетті жағдай жасап, тиісті инфрақұрылымды қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осылайша Taldau Community елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен аталған салада жүзеге асырылып жатқан кешенді өзгерістерді дәріптеуге белсенді үлес қосып отыр.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстанның барлық өңірінде бұқаралық спорт кеңінен дәріптеліп, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп келеді. Соның аясында дене шынықтыру мен спортты дамытуды көздейтін кешенді іс-шаралар да іске асырылуда. Игі дәстүрге айналған Taldau Run-ға алғашқы өңірлік жобамыз – Қарағанды Талдау мектебінің тыңдаушылары да қатысып отыр. Біздің бастамамыз жылдамдық пен нәтижені анықтайтын жарыс емес. Бұл – саламатты өмір салты, үйлесімді даму, жұдырықтай жұмылу, өзара қолдау, үнемі іздену сияқты құндылықтарды дәріптейтін қадам», – деп, Мәулен Әшімбаев спорттық іс-шараны өткізуге қолдау көрсеткені үшін Астана қаласының әкімдігіне алғыс білдірді.