Бүгін түнде Тараз бен Шымкентте жер сілкінісі сезілді

6 желтоқсан, 2025
Дәукен Тұрдашев Дәукен Тұрдашев
views13
Бүгін түнде Тараз бен Шымкентте жер сілкінісі сезілді
istockphoto.com

Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді. Тараз бен Шымкентте жер сілкінісі есептік қарқындылығы 2 баллмен сезілді, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық зерттеулер және ақпараттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2026 жылдың 6 желтоқсанында Астана уақытымен сағат 02:04-те жер сілкінісі тіркелді», - делінген хабарламада.

Эпицентр Өзбекстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 565 км жерде орналасқан. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы дерек тіркелген жоқ.

Бұған дейін 4 желтоқсанда алматылықтардың жер сілкінісін сезгені туралы жазған болатынбыз.