Димаш Құдайбергенді Берлинде жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алды

14 қараша, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views11
Димаш Құдайбергенді Берлинде жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алды
dimashnews.com

Димаш Құдайберген Лондонда өткен концертінен кейін Германияға барды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Алғаш рет Берлинге барған қазақстандық әншіні әуежайда жанкүйерлері қарсы алып, «We Are Golden» әнін шырқады.

Димаштың концерті Max-Schmeling-Halle атты Берлиндегі ең ірі спорт және мәдениет кешенінде өтеді.

Бұл арена 1993-1997 жылдары Joppien Dietz Architekten сәулет бюросының жобасы бойынша, қаланың 2000 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге берген өтініміне байланысты салынған болатын. Кешен әйгілі неміс боксшысы Макс Шмелингтің есімімен аталады.