Kәсіпорындардың бірыңғай цифрлық профилі дайындалады
Фото: Оңалхан Өнерхан
Қазақстанда кәсіпорындардың цифрлық профилінің моделі әзірленіп жатыр. Ол еңбекті қорғауға байланысты барлық параметрлерді жан-жақты көрсетуді қамтамасыз етеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметке сілтеме жасап.
«Бұл бастама жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын бағалауға және өзектендіруге, жеке қорғаныс құралдарын беруге, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеуге кепілдіктер мен өтемақыларды іске асыруға, еңбек қорғау жағдайларының негізгі параметрлерін қамтитын «Цифрлық кәсіпорын картасында» кәсіпорынның цифрлық профилін қалыптастыруға, қауіптерді ерте кезеңде анықтап, алдын алу жұмыстарын жүргізуге және еңбек жағдайларының өзгеруіне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 11:08
Мемлекеттік органдар Жоғары аудиторлық палата ұсынымдарын орындау бойынша тоқсан сайын есеп беретін болады
Бүгін, 10:57
Отандық кәсіпорындардан 2,3 трлн теңгеге өнім сатып алуға кепілдік беретін офтейк-келісімшарттар жасалды
9 желтоқсан, 2025
Қазақстанда 175 жаңа жолаушылар вагоны сатып алынды
9 желтоқсан, 2025
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: жергілікті жолдардың нормативтік жағдайы 91%-ға жетті
