Елді мекендер аумағында тұзды көктайғаққа қарсы қолдануға тыйым салынады - Көлік министрлігі

7 қараша, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views7
Елді мекендер аумағында тұзды көктайғаққа қарсы қолдануға тыйым салынады - Көлік министрлігі
Оңалхан Өнерхан

Қазақстанда алғаш рет қалалар мен ауылдардың аумағында қолданылатын көктайғаққа қарсы материалдарға арналған ұлттық стандарт әзірленді, деп хабарлады Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

Жаңа стандартты «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» (ҚазжолҒЗИ) дайындаған. Бұған дейін елде тек ГОСТ 33387-2015 стандарты қолданылып келген, алайда ол жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарына ғана арналған болатын.

«Бұл құжат қалалық көшелердің, тротуарлардың, аялдамалар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінің ерекшеліктерін ескермеген», – деп атап өтті ҚазжолҒЗИ мамандары.

Сарапшылардың айтуынша, ескі стандарт бойынша қолданылған реагенттер кейде тротуар жабындарын бүлдіріп, жарақат алу қаупін арттырған және адамдар мен үй жануарларының денсаулығына кері әсер еткен.