Ел полициясы алдағы үш күнде күшейтілген режимде жұмыс істейді
Фото: Polisia.kz
14 желтоқсаннан бастап ішкі істер органдарының жеке құрамы толық қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын күшейтті.
Мерекелік іс-шаралар өтетін жерлерде, сондай-ақ азаматтар көп жиналатын орындарда және мемлекеттік қорғауға жататын нысандарда полиция нарядтары көбейтілді.
Жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау камераларының көмегімен бақылау күшейтілді.
Ішкі істер министрлігі іс-шаралардың өткізілуі кезінде қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
Ұқсас жаңалықтар
10 желтоқсан, 2025
Павлодарлық кәсіпкерді өлтірген күдікті Ресейден экстрадицияланды
9 желтоқсан, 2025
Шығыс Қазақстан облысында қысқы туристік маусым ашылды
9 желтоқсан, 2025
Авторлық құқықты бұзғандар 6 жылға дейін қамалуы мүмкін
9 желтоқсан, 2025
Аудандағы барлық қоқыс полигондары талапқа сай болмай шықты
