Елордада бір тәулік ішінде мың текше метрден астам қар күрелді

5 қараша, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views15
Елордада бір тәулік ішінде мың текше метрден астам қар күрелді
Астана қаласы әкімдігі

Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Қар күреу жұмысына жүздеген арнайы техника мен жол жұмысшылары жұмылдырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

4 қараша күні қала аумағынан мың текше метрден астам, яғни 86 жүк көлігі қар шығарылған.

5 қарашаға қараған түні қар күреу жұмысына 374 арнайы техника мен 234 жол жұмысшысы қатысқан.

Ең алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік жүретін бағыттар тазаланады. Кейін тазалау жұмысы қозғалыс қарқыны орташа учаскелерде – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда жүргізіледі.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен жаяу жүргінші аймақтарында барынша абай болуға, сондай-ақ ауа райы нашарлаған жағдайда алыс жолға шықпауға шақырады.