Астанада тоқтап тұрған автобусқа соғылған көлік жүргізушісі мерт болды

5 желтоқсан, 2025
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
views24
Астанада тоқтап тұрған автобусқа соғылған көлік жүргізушісі мерт болды
Астана қаласы Полиция департаменті

Елордада тоқтап тұрған автобусқа соғылған көлік жүргізушісі мерт болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Астана қаласы Полиция департаменті  жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Алдын ала деректерге сәйкес шағын автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аялдамада тоқтап тұрған жолаушылар  автобусына соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан шағын автобустың жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді, оларға медициналық көмек көрсетілуде.Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін елордада Chery маркалы көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көше жарығының бағанына соғылғанын жаздық.