Елордада «Сарыарқа» СОО артындағы жол жабылды
Фото: Оңалхан Өнерхан
«Сарыарқа» СОО артындағы жолда (68-көше) жол төсемінің үстіңгі қабатын салу жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты 19 шілдеге дейін көлік қозғалысы ішінара жабылды. Көлік қозғалысы екі бағытта да тараптардың бірі бойынша ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруді сұраймыз.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.
Ұқсас жаңалықтар
10 желтоқсан, 2025
Астана әуежайында автоматты гейттер іске қосылды: шекарадан өту 20 секундты алады (ВИДЕО)
10 желтоқсан, 2025
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады
9 желтоқсан, 2025
Астанада ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
9 желтоқсан, 2025
Астанада «Адал білім – адал ұрпақ» атты республикалық форум өтті
