Елордада тағы бір көше уақытша жабылады
Фото: Астана қаласы әкімдігі
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Д.Қонаев пен Ақмешіт көшелерінің қиылысында жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты 15 тамыз күні сағат 22:00-ден 16 тамыз күні сағат 06:00-ге дейін, сондай-ақ 16 тамыздағы сағат 22:00-ден 17 тамыздағы сағат 06:00-ге дейін аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады. Күндізгі уақытта қозғалыс ашық болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

Ұқсас жаңалықтар
10 желтоқсан, 2025
Астана әуежайында автоматты гейттер іске қосылды: шекарадан өту 20 секундты алады (ВИДЕО)
10 желтоқсан, 2025
Бүгін Астанада ауа райы қандай болады
9 желтоқсан, 2025
Астанада ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
9 желтоқсан, 2025
Астанада «Адал білім – адал ұрпақ» атты республикалық форум өтті
