Елордалық дзюдошы Азиаданың күміс жүлдегері атанды

31 қазан, 2025
Нұрдәулет Кәкіш Нұрдәулет Кәкіш
views59
Елордалық дзюдошы Азиаданың күміс жүлдегері атанды
Фото: Астана әкімдігі

Астана қаласының дзюдошысы Дәулеткерей Сейфил Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс медальді еншіледі, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астаналық спортшы 73 келіге дейінгі салмақта Қазақстан намысын қорғады.

Финалда Дәулеткерей өзбекстандық Мирзохид Худойкуловпен кездесіп, тартысты белдесудің қорытындысы бойынша қарсыласына есе жіберіп, екінші орынды иеленді.