Елордалық спортшылар көркем жүзуден алтын медаль жеңіп алды
Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Франция астанасы Парижде көркем жүзуден жылдың алғашқы әлем кубогы өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл беделді жарыста Астана қаласының спортшылары жасөспірімдер арасындағы командалық еркін бағдарлама бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, алтын медаль иеленді. Команда сапында Ирина Говорухина, Ирада Исламова, Ясмина Исламова, Мақпал Қалмырзаева, Альбина Өмірсерікқызы мен Алдияр Рамазанов өнер көрсетті.
Осыған дейін де Астана спортшылары жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, жекелеген бағдарламаларда жүлделі орындарға ие болды. Артур Майданов пен Валерия Столбунова жұбы, сондай-ақ Эдуард Ким тамаша өнер көрсетіп, күміс медаль еншіледі.
Айта кетейік, байрақты бәсекеге әлемнің 22 елінен 167 спортшы қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
5 желтоқсан, 2025
Гузель Арцер: Спорттық бағдарлаудан Қазақстанда ерекше жарыс орындары көп
2 желтоқсан, 2025
Астаналық оқушы халықаралық олимпиадада қола медаль иеленді
26 қараша, 2025
Астаналық жас спортшы грэпплингтен Еуропа чемпионы атанды
25 қараша, 2025
81 Astana English School оқушылары STEAM Azerbaijan 2025 халықаралық фестивалінде жүлделі орындарға ие болды
