«Ертіс орманы» резерватында ағаш кесуге тыйым салынды
Фото: Elordainfo.kz
Бұдан былай мұнда қоқыстарды жинау, соқпақтарды шабу және орманды күтiп-баптау мақсатында ғана ағаш кесуге рұқсат беріледі, деп хабарлады Elordainfo.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының бұйрығымен «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі екпелерде ағаш кесудің барлық түріне тыйым салынады.
Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін ағаш кесуге болмайды.
Ұқсас жаңалықтар
10 желтоқсан, 2025
Павлодарлық кәсіпкерді өлтірген күдікті Ресейден экстрадицияланды
9 желтоқсан, 2025
Шығыс Қазақстан облысында қысқы туристік маусым ашылды
9 желтоқсан, 2025
Авторлық құқықты бұзғандар 6 жылға дейін қамалуы мүмкін
9 желтоқсан, 2025
Аудандағы барлық қоқыс полигондары талапқа сай болмай шықты
